Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Неліктен елорда COVID-19-бен тиімді күрес тізімінің соңында қалып қойды — саясаттанушылардың пікірі

257

Карантиндік шиеленіс

Елорданың бір ауданының тұрғындары елорда әкімі Алтай Көлгіновты «Өтірікке қарсы» митингіге шақырды. Дегенмен, бұл қала басшысының назарын аударғысы келген қалалықтардың талпыныстарының бірі ғана.

«Алтай Көлгінов Есіл ауданында 8 тұрғын үй кешенінің наразылығына жарты жылға жуық уақыт бойы назар аудармай  келеді. Қала тұрғындарының Қабанбай батыр мен Сығанақ көшелерінің бұрышындағы №59 мектеп-лицейдің жанына салынатын 18 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысына қарсылықтарын білдіріп, жазған хатын әкімдік елемеді», — деп жазылған хатта.

Жақын маңдағы 8 ТК-нің тұрғындары бос жерге жаңа кешеннің салынуына қарсы болып отыр. Олар онда оқушылар сарайын салуды немесе скверді жүргізуді талап етті. Бастамашы топ ауданда онсыз да  тұрғын үй кешендері шамадан тыс көп, ал әлеуметтік нысандардың тапшы екенін айтуда.

Олардың айтуынша, Алтай Көлгінов наразылық акциясынан кейін ғана өз орынбасарын жіберіп, жауап берді. Шенеунік уәдені үйіп-төкті, сондай-ақ қалалық кеңестің ТК-ні салу туралы шешімін көрсетемін дегенмен, ештеңені орындамады.

«Алтай Көлгіновтің әкімдігінің бастамашы топтың EGOV жүйесі арқылы сәулет басқармасының орынбасары жіберген хатына жауабы бұл өтіріктің шыңы болды. Онда

«2020 жылдың 18 наурызында әкімдік пен құрылыс салушы өкілдерінің бастамашыл топ өкілдерімен кездесуінде 900 орынға арналған мектеп салу туралы шешім қабылданды» деген ақпарат ЖАЛҒАН!

18 мамырда де, 18 наурызда да мұндай ештеңе болған жоқ», –деп жазады бастамашы топ.

Мұнда әкімдіктің не қатысы бар?

Жаңа проблемаларға келетін болсақ, әлеуметтік желілерлегі хабарламаларға қарағанда, астаналық дәріханаларда дәрі-дәрмек жетіспегенімен қоса, азық-түлік өнімдерінің де бағасы күрт қымбаттап кеткен.

«Құрметті әкім Көлгінов, қаладағы ет бағасын білесіз бе? Бағаны кім бақылайды??? Мүмкін араласатын уақыт келген шығар?!?!»

Бұл жазбаны астаналықтар қызу талқылады. Тұрғындар өнімдердің бағасының өскенін атап өтті. Алайда әкімдік осыған дейін де бағаларды ұстап тұру бойынша барлық шара қабылдануда деп бірнеше рет айтқан еді. Бірақ «Бұл жерде әкім мен еттің не байланысы бар?» деген секілді жауаптар болды –

үйдің иесі пысық болса, бәрін бақылауда ұстайды

Корнавирус майданындағы жеңіліс

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың Үкімет отырысында ұсынылған баяндамасы бойынша COVID-19-ға күресте Солтүстік Қазақстан облысы ең үздік нәтиже көрсеткен.  Бәрінен де нашар нәтиже Атырауға тиесілі. Бірақ мұнай аймағы алдында жағдайы күрделі Шымкент емес, Нұр-Сұлтан тұр.

baigenews.kz сайтынан алынған сурет

Бұл фактіге баса назар аударып қарау керек, вирус кімге жұғайын деп сұрамайды. Алайда дәл осы астанадан өңірлерге коронавирустың өршуіне қарсы дұрыс күрес туралы құнды нұсқаулар жіберілді емес пе? Ел орталығының COVID-19-пен күресте басөа өңірлер секілді тиімді нәтиже көрсете алмағанына кім кінәлі?

Барлығы да кінәлі

Саясаттанушы Рустам Бурнашев  барлығына әкімдікті кінәләудің қажеті жоқ деп есептейді.

— Сырқаттанғандардың саны бойынша Нұр-Сұлтан екінші орында, бірақ өлім-жітім көрсеткішіне қатысты алдыда. Мен дәрігер емеспін, сондықтан COVID-19-бен күрестегі өңірлердің күресінің тиімділігі рейтингі туралы менің пайымдауым кез келген жағдайда субъективті пікір. Мен бұл шенеуніктердің қаласы екеніне назар аудармас едім. Бұл да  қалған аймақтар секілді еліміздің бір қаласы.

Әрине, қалада шенеуніктердің арасында сырқаттанғандар мен қайтыс болғандардың көптігі елордада тіпті шенеуніктерді де дұрыс емдемей жатқанын білдіреді деуге болады

Шын мәнінде ешкім білмейді ғой, мүмкін оларды жақсы емдеп жатқан шығар? Барлығы емдеу мекемесіне және ондағы контингентке байланысты. Әр өңірді осылай бағалауға болады.

Рустам Бурнашев

— Барлығына елорданың тиімсіз атқарушы билігі кінәлі деп ойламайсыз ба? 

— Әкімдік жұмысының тиімділігі COVID-19 жұқтырғандар мен өлім-жітім көрсеткіштері бойынша ғана бағаланбайды. Негізінде билікке бағыну жүйесі біз ойлағаннан да әлдеқайда қиын.

Сонымен қатар, біз бұл қалада көшіп-қонушылар көп екенін де білеміз. Мұны ескерсек, бірден денсаулық сақтау бойынша теріс көрініс аламыз. Сырттан келушілердің емханаларға қалай тіркелетіні белгісіз ғой. Емхана осыншама келушілерді қабылдауға дайын ба? Бірақ біз тіркеуге қатысты мәселелерді білеміз. Мысалы, егер адам Астанада тұрып, Қарағандыда тіркелген болса,  ақшасы оның соңынан өздігінен келмейді.

Жергілікті биліктің тиімді жұмысын бағалау үшін жүйелі талдау қажет

Біз проблемалардың көбі биліктің стратегиялық қателігінен туындайды деген ұстанымды ұстанған кезде, халықтың мінез-құлқы да проблемалардың шиеленісуіне әсер ететінін түсінуіміз керек. Әрбір өңірде өзіндік мінез-құлық көрінісі бар.

Тығыз әлеуметтік байланыстар

Саясаттанушы Эдуард Полетаевтың пікірінше, COVID-19 бойынша нашар көрсеткіштердің басты себебі— адамдардың өмір сүруі мен жұмысының жинақылығы.

Эдуард Полетаев

— Мен осы 17 индикатордың объективтілігін тексеріп көргім келеді.  Бірақ коронавируспен күреске ерінбегендердің бәрі қатысып жатқандықтан, жағдай осылай шиеленісіп кетті. Ақордадан бастап дәрі-дәрмек іздеген немесе карантин режимін бұзған халықтың да қатысы бар. Сондықтан биліктің қандай да бір құрылымының жұмысының тиімділігін бағалау өте қиын.

Мәселеде  шенеуніктердің астанада көбірек өмір сүріп, жұмыс істеп, сондай-ақ өзінің лауазымдық міндеттеріне байланысты бір-бірімен байланысуға мәжбүр болғанында емес. Олар күнделікті жұмыс пен шешімдерді өз кабинеттерінде қабылдайды емес пе? Нұр-Сұлтан —  іссапарға келетін адамдардың қаласы.

Қазақстанның сыртқы шекарасы жабық болғанымен, Астанаға ұшақтар ұшып, поездар келеді. Біреу қалаға вирус әкелсе, біреулері үйлеріне әкетеді

Менің ойымша, қаланың жинақылығы да әсер етеді. Барлық ресми мекемелер сол жағалауда орналасқан және онда әлеуметтік байланыстар көбірек орын алады. Түскі асқа «Керуен» сауда орталығына барсаңыз, міндетті түрде таныс адамды кездестіруге болады. Қалай дегенмен бұрын солай болды.

Адамдардың өмір сүруі мен жұмысының тығыздығы, көптеген ғимараттардың жалпы кондиционерлеу жүйесі де әсер ететіні анық.

Елордалық жинақылық әрине, ыңғайлылық үшін жасалды, бірақ пандемия кезінде бұл теріс фактор болды

Енді шенеуніктерді түрлі қалаларға қоныстандырмаймыз ғой? Сондықтан, басқа-басқа, ал Нұр-Сұлтан эпидемиологиялық жағдайды мұқият қадағалау керек.

ТЖ кезінде Нұр-Сұлтан мен ШҚО-ның карантин талаптарының қатаңдығы бойынша  барлығы алда болғанын мойындау керек. Бірақ біз көріп отырғанымыздай, бұдан нәтиже болмады. Бәрібір негізгі байланыстар астанада орын алады. Басқа өңірлермен көбірек байланыс орнатпаса астана бола ма?

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз