Коронавирусты жеңіл түрде ауырған организмде антиденелер бірнеше айға ғана сақталады.
— Егер бұл шынымен солай болса, жақсы болар еді, бірақ өкінішке орай, қазіргі уақытта эпидемиологиялық зерттеулер мүлдем басқа жағдайды көрсетіп отыр, — деді Иматдинов.
Ғалым сонымен қатар жаппай вакцинация 2020 жылдың соңында немесе 2021 жылдың басында басталуы мүмкін екенін айтты. Қазір «Векторда» препаратқа сынақ жүргізілуде. Созылмалы және жүрек-тамыр аурулары бар адамдарға тәжірибе жүргізуге қарсы көрсетілімдер бар.
Вакцина сынақтың бес қатысушысына ғана салынды, қалғандары плацебо алады.
— Кімге екпе салынғанын білмегендіктен, алғаш рет вакцина алған адамдардың жағдайын бақылап, содан кейін келесі кезеңге кеңейтілген үлгіде өту керек, — деп түсіндірді Иматдинов.