Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Чемпиондар лигасы: ПСЖ Барселонаны талқандап тастады

«Барселона» алғашқы таймда-ақ екі доп жіберіп алды: 18-ші минутта «Бенфиканың» аргентиналық ойыншысы Анхель Ди Мария есеп ашса, 40-шы минутта Юлиан Дракслер есепті еселеді.

Екінші таймда «Барселона» қақпасына тағы екі доп енді. 55-ші минутта Ди Мария екінші голын тойласа, соңғы допты 71-ші минутта уругвайлық шабуылшы Эдисон Кавани соқты.

Ал «Бенфикаға» жеңіс әперген жалғыз допты 48-ші минутта Костас Митроглу салды. Айта кетсек, бұл ойында қонақтар 57-ші пенальти соғу мүмкіндігін алған, бірақ “Боруссияшабуылшысы Пьер-Эмерик Обамеянг 11-метрден “Бенфикақақпашысы Эдерсоннан айласын асыра алмады.

Енді “Барселона” – “ПСЖ және “Боруссия” – “Бенфика” арасындағы қарымта кездесу наурыздың 8-інен 9-ына қараған түні өтеді.

Ал бүгін түнде Астана уақыты бойынша 01:45-те “Реал” – “Наполи” және “Бавария” — “Арсенал” арасындағы алғашқы кездесулер басталады.

Дереккөз: vesti.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз