Төле би АІІБ қызметкерлері жергілікті тұрғынның бір үйір жылқысын ұрлап кеткен екі барымташыны қамауға алды.
44 жастағы азаматтың еркін жайылымда жүрген 29 мал басын өткен жылдың жазында еркін жайылымнан айдап кеткен.
Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 6 миллион теңгеден асқан.
Аталған жайт Төлеби АІІБ тіркеліп, ҚР ҚК 188-бабымен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз-хатшысы.
Қылмысты ашу мақсатында тәжірибелі полицейлерден жедел-іздестіру тобы құрылған екен.
Араға бір жыл салып, мал ұрлығына күдікті екі барымташыны ұсталған. 50 жас шамасындағы екі азамат Шымкент қаласының және Төлеби ауданының тұрғындары.
Тергеу барысында анықталғаны, күдіктілер мал иесінің жоқтығын пайдаланып еркін жайылымнан жылқы табынын Арыс ауданына айдап әкеткен. Сонда сатып, ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсаған.
Полицейлер күдіктілердің өзге де қылмысқа қатыстылығын тексеруде. Айғақты зат ретінде ұрланған малдың бір бөлігі иесіне қайтарылды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.