Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Былай жаса…”. Ғашығымен қосылғысы келген Тұрсынға Қасымов не дегенін білесіз бе?

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Тұрсынбай Бөрібайдың болашақ жұбайының елден шығарылуына және келуіне шектеу қойылуына байланысты мынаны хабарлаймыз: ол Қазақстан Республикасына өткен жылдың 7-маусымында келді және уақытша тіркеуге (5 тәуліктің ішінде) тұрған жоқ, тіркелуге 2016 жылдың 22-маусымында келді. Осы факті бойынша ол ҚР ӘҚБК 512-бабы 2-тармағы, яғни „Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның тіркеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген күнтізбелік бес күн өткеннен кейін үш тәулікке дейінгі мерзімде ішкі істер органдарында тіркеуге тұрмауы„ бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Талдықорған ауданаралық әкімшілік соты Қазақстан шегінен шығару түріндегі жаза белгіледі. Сот шешімінің негізінде миграциялық қызмет Бірыңғай ақпараттық жүйеге елге келуге, яғни 2016 жылдың 29-маусымынан 2021 жылдың 29-маусымына дейін шектеу енгізді», – деді Алмас Садубаев.

Оның айтуынша, «Халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңының 48-бабына сәйкес, бұрын Қазақстан Республикасынан шығарып жiберiлген көшіп келушілерге шығарып жiберу туралы шешiм шығарылған күннен бастап 5 жыл бойы Қазақстан Республикасына келуге тыйым салынады.

«Енді Талдықорған ауданаралық әкімшілік сотының шешіміне шағымданып және шешім өзгерген жағдайда миграциялық қызмет Қазақстанға келуге тыйымды алып тастайды», –

деді ол.

https://kaz.365info.kz/syjiktimnen-ajyrmandarshy-gashygymen-khosylgysy-kelgen-tyrsynga-khasymov-komektese-me-foto-265716

Айта кетелік, осыған дейін отандық БАҚ беттері арқылы Тұрсынбай Бөрібай есімді азаматтың еліміздің Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа жазған хаты жария етілген болатын. Онда ол 2015 жылы Талдықорған қаласында ҚХР-дың азаматы Иманәлі Жазира атты қызбен танысып, алдағы күндерде отбасын құруға уағдаласқанын атап өткен. Өкінішке орай, болашақ жары Иманәлі Жазира 2016 жылы 7-маусымда ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 517-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарылып жіберілген.

«Міне, содан бері бір жыл өтті. Енді төрт жылы бар. Сөз берген соң, жігіт адам уәдесінде тұру керек! Жақында ҚХР-ға барып, Иманәлі Жазирамен заңды некеге тұрып келдім. Шынымды айтсам, төрт жыл тосу мен үшін оңайға соғып тұрған жоқ. Бейбіт күнде ескі заманның қатал заңына ұшыраған ғашықтардың күйін кешу қиын екен, Қалмұханбет ағатай! Оның үстіне, үйдегі ұлдың кенжесі едім. Әкем Нұрсапа Тұрсын миына қан құйылып, ауырып жатыр. Менің тойымды жасап, қызығымды көріп кетсем деп күнде армандайды. Халқымызда «Екі жасты қосқан алғыс алады, екі жасты айырған қарғыс алады!» деген аталы сөз барын жақсы білесіз», – дей келе осы мәселені шешуге көмек сұраған болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз