Әйел теңдігі әйел пікірімен санасудан басталады. Әйелге қол көтеру әлсіздіктің белгісі. Ақылы бар, есі бар адам мұндайға бармайды.
Республикалық “Әйелді аяла” акциясы аясында, аталған шараға қатысқан танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы осындай пікір білдірді.
“Елімізде әр 8-ші әйел зорлық-зомбылықтың құрбаны болады екен.
Үй-ішіндегі зорлық-зомбылықтан 400-ге жуық әйел көз жұмады.
Бұл тек жылына ғана. Сұмдық қой!” – дейді ашынған журналист.
Айта кетсек, әзіргі күні елімізде бір жылға созылатын “Әйелді аяла” акциясы жүріп жатыр.
Шараның шеңберінде әйелдер мен қыздар үшін тең мүмкіндіктер, зорлық-зомбылықты алдын-алу, әлеуметтік және саяси белсенді әйелдердің жетістіктерін насихаттау жайлы бейнематериалдар дайындалатын болады.
Сондай-ақ әртүрлі сараптамалық кездесулер мен пікірталастар, тақырыптық фильмдер көрсетілімі, заманауи өнер көрмелері өткізіледі деп жоспарлануда.
https://kaz.365info.kz/elimizde-ajeldi-ayala-ylttykh-aktsiyasy-bastaldy-video-305842