Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Бұйрық түсті”. Дін вице-министрі қара жамылғы мен қаба сақалға қатысты шектеу туралы айтты

Мекеме өкілдерінің айтуынша, Қазақстан қоғамын өз халқының рухани дәстүрі мен ислам дінінің байыбына жетпей жатып, өз ата-аналарын дінсіз деп айыптайтын жастар алаңдатып отыр. Олардың кейбірі шетелдік уағызшыларды тыңдап, халқымызға тән емес діни дәстүрлерге бой ұра бастады. Дәл осындай азаматтар сыртқы атрибутикаларға ерекше мән береді: жігіттер сақал жіберіп, балақтарын қысқартады, қыздар қара жамылғыға оранады.

“Қара жамылғыға тыйым салу орамал мен хиджабқа тыйым салуды көздемейді.

Бұл тыйым салу мен шектеу адамның бет-жүзін анықтауға мүмкіндік бермейтін киім түрлеріне (никаб, чадра, паранжа) қатысты. Мұнда бір ғана атрибутты емес, теріс ағымның бірнеше белгілерін айтуға болады. Біз бұл мәселені зерттеп жатырмыз, зерттеуден кейін ғана шешім қабылданады», – деді вице-министр Берік Арын Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бұл шектеулер мен тыйымдар кез келген конфессияның діни қызметкерлеріне, шетел азаматтарына және медициналық себеппен немесе қызметтік қажеттілікпен бетперде киюге мәжбүр адамдарға қатысты емес.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз