Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
17
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын жауады

Павлодар облысында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді, тұман түсіп, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Түркістан облысында таң ата, Қызылорда облысында күндіз желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді, шаңды дауыл көтерілуі де ықтимал. Алматы, түнде және таң ата Ақмола облыстарында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 17-22 метрге жетеді. Ақмола облысының кей жерлеріне тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таң ата тұман түседі.

Күндіз Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында ыстық, кей жерлерде өте қатты ыстық болады. Атырау облысында да аптап ыстық болады. Ақтөбе облысында және Түркістан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде де қатты ыстық болады. Маңғыстау, Атырау облыстары мен Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында ерекше қатты ыстық болады. Соған қарай өрт қаупі туындайды.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз