5-маусымда Қазақстанның басым бөлігіне антициклон жүріп, құбылмалы ауа-райы сақталады.
Қазгидрометтің хабарлауынша, еліміздің басым бөлігінде күн бұлтты, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, қатты жел тұрады. Тек еліміздің батыс және оңтүстік өңірлерінде ашық ауа-райы сақталады.
Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда облыстарында түнде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі, күндіз жауын жауады. Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жел соғады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде ауа-райы температурасы төмендеп, түнде және таңертең тұман күтіледі.