«Қазгидромет» 25 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Антициклонның әсерінен Қазақстанның басым облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек батыстың, солтүстіктің кей жерлерінде аздаған жауын-шашын күтіледі.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Жамбыл облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Алматы, Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте қатты аяз болатындығы болжануда.