Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

ҰБТ-2016: екінші күннің нәтижелері

Тест емтиханы 59 пунктте алынды. Оған 18 177 оқушы қатысты. Қорытынды бойынша жиналған орташа балл көлемі – 80,5.

100-ден жоғары балды жинағандар саны – 3 211 оқушы. Ең жоғары – 125 балды бір мектеп түлегі ғана жинай алды. Ол – Астана қаласының №54 мектеп-лицейінің оқушысы Мұстафина Риана.

Ал 7 оқушының сынақ тәртібін бұзғаны үшін емтихан құжаттары жойылды.

Мектеп түлектерінен 8682 тыйым салынған зат тәркіленді. Атап айтқанда, 4402 ұялы телефон, 4036 шпаргалка, 153 есептегіш құрал, 5 фотоаппарат, 3 рация, 3 гаджет, 1 Bluetooth, 28 Altel 4G, 43 модем, 5 наушник, 3 смарт-сағат.

Биыл үкімет есебінен тегін оқуға 32 мың білім гранты бөлініп отырғанын айта кетелік.

ҰБТ тапсырған мектеп түлектері сынақтың бірінші және екінші күнгі нәтижелерін мына сілтеме арқылы біле алады. Онда нәтижелер деген нұсқаулықты басу керек.

Ол арада емтихан тапсырған жас түлектің ЖСН нөмірі мен емтихан алдында алған жеке кодын теру қажет болады.
Маусымның 2-сі мен 9-ы аралығында өтетін сынаққа қатысуға биыл мектеп бітіруші 121 мың баланың 87 мыңы ниет білдірген.

Тест тапсыру мерзімі 10-маусымға дейін созылады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз