Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Брюссельде өткен ЕО саммитінде өңірлік прокуратура құру идеясы қабылданбады

Бірақ ұсыныс Шығыс Еуропа елінің көңілінен шықпады. Бұл – Еуроодаққа мүше 28 елдің басшыларының биылдыққа алғашқы бас қосуы. «Бірлік саммиті» атауымен өткен кездесу Еуропалық Кеңес басшысын сайлау кезіндегі жанжалмен есте қалатын болды.

Кеңестің бұрынғы басшысы Дональд Тусктің қайта тағайындалуына туған елі Польша қарсы шығып, оның аяғы Варшаваның қорытынды құжатқа қол қоюдан бас тартуымен аяқталды. Бірақ мәлімдеме басты міндеттерсіз қабылданды. Ал шекараны кесіп өтуші саяхатшыларға қолданылмақ жүйені талдау шілде айына шегеріліп, жалпыеуропалық прокуратура құру идеясы тіптен қолдау таппады.

Дональд Туск, Еуропалық кеңес төрағасы:

– Еуроодаққа мүше 27 елдің өзара ынтымағы біздің басты бағытымыз болып қалмақ. Мальтадағы кездесу, әр мемлекет басшысының пікірі және Еурокомиссия ұсынып отырған «Еуроодақтың Ақ кітабы» Римде өтетін мерейтойлық кездесуде басты мәселе болатынын көрсетіп отыр.

Жан-Клод Юнкер, Еуропалық комиссия төрағасы:

– Еуропаға қатысты таңырқағаным ,біздің кей әріптестеріміз бұл ұсынысты Батыс пен Шығысты айыруға әкелетін қадам деп қауіптенеді. Бірақ олай емес. «Еуроодақтың Ақ кітабы» – 27 мемлекетті бір-бірімен бірлесе қимылдауға жұмылдыратын құжат.

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй саммиттің алғашқы күні өз елінің Одақтың аймағынан шығу процесін наурыздың аяғына дейін бастайтынын мәлімдеді. Келіссөз 2 жылға созылатын түрі бар. Ол негізінен Тұманды Альбиондағы еуропалықтар мен Одақ аумағындағы британдықтардың мәртебесіне қатысты болмақ.

Жан-Клод Юнкер, Еуропалық комиссия төрағасы:

– «Брексит» Еуропалық Одақтың күйреуі емес. Әрине, өкінішті. Бірақ біздің бастамамыз аяқсыз қалды деп түсінбеу керек. Біз алға қарай талпына береміз.

Форумда талқыланған мәселенің бірі – миграциялық дағдарыс. Еуроодақ жетекшілері Балқанның батыс бөлігін жайлаған елдерге қолдау көрсететін жеткізді. Ал Германия канцлері Ангела Меркельдің айтуынша, шілде айында өтетін саммитке дейін ұйым елдері келесі айда «Брекситті» талқылау үшін тағы бір бас қосуы мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз