Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Божконың болмысы. «Орыс әлемінің» өкілі Қазақстанда қалай үлкен бастық боп кеткен?

221

Божко әлгі Фарион туралы не дегенін оқыған шығарсыздар.

Украина мен Ресейдің тіл мәселесіндегі келіспеушілігі қақтығысқа ұласты. Мен тарихтың ана салдақы Фарионды (И. Фарион – Украинаның ұлттық бағыттағы саясаткері –ред.) орнына қойғанын қалаймын. Сіздер мені кешіріңіздер, әрине, ол Украинада халықтың 30-40 пайызы орыс тілінде сөйлейді дейді, негізі онда барлығы орысша сөйлейді. Ол орыс тілінде сөйлейтіндерді адам санамайды, орысша сөйлеуге құқық бермеуді, орысша ән тыңдаған таксишілерге айыппұл салу керек дейді. Мұндайды жоғары заң шығарушы органда айту үшін қандай нақұрыс болу керек?», – деген-тұғын Божко.

Еліміздегі Украина елшілігі бұған лезде жауап қатып, былай деген:

«Бірер күн бұрын КСРО КГБ-сының жоғары мектебінің бір түлегі, Қазақстанның оңтүстігіндегі орыс тілі туралы дабыл қаға отырып, украиналық әйелді жанамалай қорлады. Ол Украинаның танымал қоғам қайраткері, Франция, Германия, Польшадағы, басқа да өркениетті елдердегі әріптестері сияқты мемлекеттік тіл, титулды ұлттың тілін қорғап жүрген Ирина Фарионға қарата «Салдақы» деген сөзді қолданды. «Салдақы» сөзі бұл жерде ол бағытталған объектіні емес, оны айтқан субъектіні сипаттайды. Бұл сөздің тасасына тұтас әлем – адам құқығын сақтамайтын, өзгеше ойлауға төзімсіздік танытатын агресиия жасырынып тұр».

Божконы білмейміз, бірақ Украина елшілігі шындықты айтты.

Божконың шын болмысын білдік. «Орыс әлемінің» өкілдері өз ішімізде жүр екен.

Анығында, ол кешірім сұраған жоқ. «Кешірім сұрады» деген аты ғана бар.

Божко «барлық тілді мойындай отырып ұлтаралық бірлікті сақтау керек» дейді. Қателеседі. Осы уақытқа дейін оның мемлекеттік тілде сөйлеген немесе өзі айтатындай «мойындаған» кезін көрмеппіз.

Сосын оның Украинада не шаруасы бар? Ресейде не басы қалды? Ол қазақстандық емес пе еді? Елде мемлекет жүргізіп отырған саясатқа біз білетін Божко мырза қарсы ма? Кім білген…

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз