Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

БҚО-да полиция қызметкері тапаншаларды ауыстырып қойған

Дәулет Бисенғалиев табельдік тапаншаны ұрлап, орнына травматикалық қаруды қойған. Осылайша азамат Тайпақ полиция бөлімінің бастығы Рафаэль Бикеевтің жұмысында қолайсыздық туындатпақ болған.

Полиция қызметкерлері ұзақ уақыттан бері тіл табыса алмай, Бисенғалиев заңға қайшы әрекетімен бұл іске нүкте қоюды ұйғарады.

Тапаншаның жоғалғаны мәлім болғанда, тіпті еш кінәсі жоқ қызметкерлер де жазаға тартылған. Алты полиция қызметкері осы мәселеге байланысты жұмысынан босаған. Олардың қатарында Дәулет Бисенғалиев те бар болып шықты.

Қазір жұмыстан шығарылған қызметкерлер сотқа арызын дайындап, қызметінен әділетсіз түрде кеткендерін дәлелдегісі келеді. Олар әсіресе, тәртіптік құқық бұзушылықтарға жол берген Бикееті тиісті жазасын алуы керек деп санайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз