Батыс Қазақстан облысында Toyota Prado Volvo жүк көлігімен соқтығысып, жанып кетті.
Жергілікті полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 24 маусым күні шамамен сағат 16.45-те Самара-Шымкент жолы бойында Теректі ауданы аумағында болған.
«Аңқаты ауылы тұсында Toyota Prado Volvo жүк көлігінің тіркемесімен түйісті. Жол апаты салдарынан жеңіл көлік отқа оранды. Өрт сөндірілгеннен кейін автокөлік салонынан үш адамның мүрдесі табылды. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», –деп хабарлады ведомстводан.