Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

БҚО-да мерт болған полиция қызметкерінің әкесі оқиғаның қалай болғанын айтып берді

https://kaz.365info.kz/bkho-da-bastygyn-atyp-oltirgen-serzhant-khysymga-shydamagan-boluy-mymkin-330903

«Қолыма сот-медициналық сараптаманың қорытындысын берді. Онда ұлымның денесінен 6 оқ алынғаны жазылған. Бірінші оқ аяғына, екі оқ басына, біреуі мойнына және тағы екеуі денесіне тиген. Бір оқты сол күйі таба алмады. Және оқсауытта тағы бір оқ қалған», – дейді марқұмның әкесі Жасқайрат Рақышев.

Марқұмның туыстарының сөзінше, Рүстемнің өлімі алдын ала ойластырылған. Мұнда МКҚБ және АІІБ басшылығының өз қызығушылығы бар, дейді олар.

«Бәрі алғашқы кешкілік түгендеу кезінде орын алған. ол жерде МКҚБ басшысы Әділбек Жалмағамбетов, бірінші взводтың басшысы ретінде Рүстем мен екінші взводтың басшысы Бисалиев болуы керек. Алайда сол күні түгендеуді Рүстемнің өзі ғана өткізген. Бізге Рүстемге оқ атқан Серік Ғаріп жиі кешігетінін, сол күні кешке де жұмысына кешігіп келгенін айтты. Рүстем сол үшін оған ұрысқан. Түгендеуден кейін ұлым және тағы бірнеше қызметкері АІІБ ғимаратынан шыққан. Оның артынан Ғарып те еріп шығыпты.

Бізге айтқандай, бейне бақылау камерасындағы жазбадан Рүстем мен Серіктің арасында ұрыс немесе қақтығыс болмағаны көрінеді. Ғаріп тапаншаны суырып алып, ескертусіз оқ жаудыра бастаған», – дейді марқұмның әкесі.

https://kaz.365info.kz/bkho-dagy-batalon-komandirinin-olimin-arnajy-komissiya-tekserdi-330786

 

Қазіргі уақытта марқұмның туыстары қорғаушы жалдаған. Олар болған жағдайда бар кінәні марқұмға аудара салады ма деп қауіптеніп отыр.

«Үлкен ұлымды, тірегімді, басты көмекшімді жоғалттым. Басқа жоғалтатын ештеңем жоқ. Әрі қарай қалай өмір сүрерімізді білмейміз. Сондықтан әділеттілік үшін күресетін боламын», – дейді Жасқайрат Рақышев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз