Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Біздің үйде тұрған…”. Зарина Омарова Төреғалимен арасында не барын айтты (фото, видео)

586

Негізі, мен Төрешті 15 жасынан бастап білемін.

Мен тұрмысқа шығайын деп жатқанда Төреғали біздің үйге келді, Алматыға енді келген кезі, біздің үйде тұрған.

Тұрмысқа шыққанымда құдаларды өз өнерімен тамсандырып, көмегін тигізген інім — Төреш қой ол.

Әке-шешелеріміз жақсы араласты. Бірақ уақыт өте келе ажырап кеттік. Әкем Түркияда тұрды. Мен басқа қалада тұрдым. Бәріміз жан-жаққа тарап, кішкене араласпай қалдық. Содан бір күні өзі хабарласты. Әпке, бірге ән салсақ қайтеді деді. Әрине, мен оған қуанып қалдым.

View this post on Instagram

#той #торегалитореали

A post shared by Зарина Омарова (@zarina_omarova_official) on

„Күйеуім мені жақсы көрмей кетті ме, не боп қалды„ деп уайымдадым

Қатты арықтап кеткен Зарина Омарова өз құпиясымен бөлісті.

– Менің жолдасым қанша жылдан бері күйзеліп, сахнаны сағынып жүргенімді көріп-сезгеннен кейін шығар, бір күні:

„Сен өстіп отыра бересің бе, толық болып. Кішкене жиналып, әрекет қылмайсың ба„ – деді. Ойнап айтқан секілді болды. Бірақ ойнап айтқанмен, әйел адамға мұндай сөз өте ауыр тиеді екен. Сол күні түнімен ұйықтай алмай шықтым.

„Күйеуім мені жақсы көрмей кетті ме, не боп қалды„ деп те уайымдадым.

Мен өзімше ойлап жүргем, толық болсам да күйеуім жақсы көреді деп…

Сөйтсем олай жүре берген дұрыс емес екен. Әйел адам болған соң өз-өзіне қарап, күтім жасауың керек. Балаларға қараймын деп өз-өзімді тастап жібердім. Сол күйеуімнің сөзі қатты әсер етті. Одан кейін күйеуім арықтасаң сахнаға шығасың, барлығын жасап берем деді. Мұндай сөзден кейін қалай арықтамайсың? (күледі) Осы сөзі де мені жандырып жіберді.

Тұзсыз тамақ жедім…

 

– Әлгіндей сөздерден соң, арықтауға бел шешіп, кез келген адам құсап, ең бірінші, Интернетке үңілдім. Түрлі амал бар екен. Мен оның ішінде дұрыс тамақтану деген тәсілді таңдап алдым. Күніне аз-аздан 5 рет тамақтану керек.

Басында қиын болды. Бірінші үш күн мүлде қиналдым.

Өзіме арналған кесем болды. Кішкентай. Сол мөлшерде тамақ салып жеймін.

Онда да тез жеп, ас үйден кетіп қаламын. Арықтайын деген адамға ас үйде көп болмау керек, негізі. Қауіпті аймақ. Көз алдында тұрған соң тамақты қалай жеп қойғаныңды білмей қаласың.

Қонаққа, қайда барсам да өз тамағымды тасып, бірге алып жүрдім. Тұзсыз қарақұмық, күріш дегендей диеталық тамақ қой енді. Соның бәрінен өттім, сөйтіп ол өз нәтижесін берді, аз мерзім ішінде 25 келі тастадым.

Таршылық дегенді білмегем ғой, тұрмысқа шыққанда қиналып қалдым

– Мен, негізі 10 жыл бұрын қарапайым жігітке тұрмысқа шықтым. Оперға. Шынымды айтайын. Ол кезде „Жан гүлім„, „Алғашқы махаббат„ деген әндерім хит боп тұрған кезі ғой. Сол кезде күйеуіммен таныстым. Қарапайым отбасынан. Әкесі милицияда істейтін, өзі де милиция академиясын енді аяқтап жатқан.

Жас бала. Сөйтіп оған күйеуге шықтым, аяғым ауыр болды, нәрестелі болдық.

Сөйтіп мен үйде отырдым.

Оның айлығы 100 мың теңге болатын. Ол бізге жетпеді.

Өйткені мен аста-төкке үйреніп қалғанмын ғой. Әке-шешемнің арқасында баршылықта өскендіктен, таршылық дегенді білмегем ғой. Ерке болдым. Күйеуге шыққан соң соның бәрі жетпей қалды маған.

Күйеуіммен жағаласқым келмеді

-Сахнаны, бәрін ұмытып, үйде балалы әйел болып отырдым. Күйеуім жұмыс істеді. Ана жұмысқа тұрды, басқасын көрді, тіпті басқа қалаға көшеміз деді. Чемоданымды, балаларымды алып, мен артынан ілесіп отырдым. Тағы да басқа қала көштік, соңғысында Ақтөбеге бардық. Онда үш жыл тұрдық.

Шынымды айтайын, осы отбасылық 10 жыл ішінде күйеуімнің тілеуін тілеп кез келген әйел құсап үйде отырып, оның табысты болуына қолымнан келгенше демеу болуға тырыстым. Күйеуіммен жағаласқым келмеді. Содан бәрін, шығармашылығымды да ұмыттым.

Қайта күйеуім осы ісімді дұрыс бағалап, қазір қадірімді түсініп отыр. Бір күні күйеуім:

„Енді сенің кезегің, қанша жыл отбасымызға өзіңді арнадың, енді мен өзімді саған арнаймын„ деп айтты.

Сөйтіп ол менің демеушім болатын болды. Көлік сатып алып берді.

Әрине, сахнада жүру қыз бала үшін қиын. Әсіресе сахнада жүрген адамның күйеуі болу да оңай емес. Түрлі сөз еруі мүмкін, қызғаныш болып жатады. Бұл арада, ең бастысы, бір-біріне сенім мен сыйластық деп ойлаймын. Құдайға шүкір, ол бізде бар.

Күйеуім қызғаншақ, бірақ онысын көрсеткісі келмейді. Бірақ мен онысын сезіп қоямын. Қызғанғаны дұрыс деп ойлаймын. Керісінше, қызғанбаса қорқу керек. Өз басым, күйеуім қызғанса іштей қуанып қаламын. Ал былай, бетіме айтып, онысын ашық көрсеткен емес.

Алғашқы махаббатымның есімі — Бақыт

-Алғашқы махаббатым есімде.

Мен ол кезде 7-сыныпта, ол 10-сыныпта оқитын. Менің сөмкемді тасып жүретін. Үйіміз де алыс емес еді. Мектепке барар кезде есік алдында күтіп тұратын.

Есімін айтпай-ақ қояйыншы. Оның да бала-шағасы болса, ұят қой. Атын ғана айтайын. Есімі Бақыт болатын.

Ажырасатын сәт туса, ең бірінші, балалардың жыламауын ойлау керек

– Мен тоқал алуға өз басым қарсымын. Бірақ ананың, мынаның тоқал алғанына қарсымын деген сөз емес ол. Мен бұл сөзімді ешкімге арнамаймын. Ол менің жеке пікірім, ойым. Болды.

Ал әкеме келетін болсақ, әке-шешем ажырасқанда мен 3-сыныпта болдым. Перизат одан кейін әкеме жолықты. Ол үшін оларды кінәламаймын. Бір анығы, қандай қадам жасасаң да көп ойлануың керек. Ең бастысы, балалар жыламауы тиіс. Бала үшін құрбан болуға дайын болуың тиіс. Ата-ананың бұл борышы деп білемін. Бала үшін біраз нәрсеге шыдауға болады.

Менің отбасымда ың-шың болмады деп айта алмаймын. Бірақ 10 жыл ішінде қолыма сөмкемді алып, үйден кетіп көрмеппін. Оның орнына қатты ашулансам, күйеуімді қуып шығатынмын (күледі).

Негізі, менің апам Шымкенттікі ғой…

– Әке-шешем ажырасқанда мен кішкентай болдым. Бір білетінім, апамда қызғаныш болды. Баласын қызғанатын. Негізі, екі әйелдің басы бір ас үйге сыймайды. Қазіргі заманда да келіндер енесінен бөлек тұрғысы келіп жатады ғой. Неге? Өйткені бір шек пен шекара болуы керек шығар.

Негізі, менің апам Шымкенттікі. Сондықтан қаталдау болғаны рас. Ең басынан, қатал болатын. Менің анам да өз дегенінен қайтпайтын адам. Өйткені Ақтөбенің қызы, ер мінезді. Яки екеуінің мінездері келіспеді.

Ал әкем сабырлы, ақкөңіл адам ғой. Ұрса да алмайды. Бірақ апам қатал адам еді. Анам Шаттық барлығын жіптіктей, мұнтазадай қылатын. Ол кісінің көңілінен шығу үшін бәрін істейтін. Анам секілді келін жоқ шығар. Қазіргі әйелдерге ондай болу қайда?..

Перизат – әкемнің үшінші әйелі

– Әкемнің қазіргі әйелі Перизатпен араласып тұрамын. Тойда, қонақта бірге боламыз. Әкеммен араласқан соң ол кісімен қалай араласпаймын?

Иә, анаммен ажырасқан соң әкем тағы бір әйелмен бас қосып, ажырасып кеткен. Ондай болды, жасырмаймын. Сонда Перизат үшінші әйелі ғой. Бірақ Перизатпен ресми түрде екінші рет той жасап, бас қосқан.

Мәриям деген сіңілім бар. Онымен де жақсымыз. Мүмкін әкемді ол қызғанатын шығар. Кішкентай ғой. „Папа„ деп мен келіп тұрсам ол қалай қызғанбайды? Бірақ арамызда ешқандай кикілжің жоқ. Бәрі жақсы…

Бұл мақала ВК-дағы „Атамның басы-ай„ тобында қызу талқыланып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз