Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Біздің банктер халықты «тонап» жатыр ма?

Сұмдық қой. Жедел түрде Ресейлік банктерге ауысуға бел будым. Өйткені олар картадағы ақшаның бір тиынын да жемей, береді екен. Сол тиімді емес пе, ә?

Айтып отырғаным дәлелді болу үшін Тоқтар жақаштың мына жазбасын оқып көріңіз. Қазақстан банктерінің қитұрқы әрекеттеріне көзіңіз жетсін:

«Қазақстандық банктердің қомағайлығында шек жоқ. Өткенде Халық банк картасына түскен 49 мың теңгенің 45 мыңын ғана берді де, қалған 4 мың теңге ізім-қайым жоқ болды. Жалпы, банктердің ойларына келгенін істеуге, біздің құқықсыз құл болуымызға банк лоббиімен қабылданған “Банк қызметтерін реттеу туралы” заң ғана емес, өзіміз де кінәліміз.

Ай сайын картаға жалақымыз түскенде, керегін ғана жаратып, керек емесін шешпей қалдырамыз. Тіпті, жалақыны түгел шешіп алған күннің өзінде банкоматтар мың теңгеге дейінгі ақшамызды бермей, “ұстап” қалады. Ал енді соны былай есептеп көрейік.

Статистика бойынша елімізде банктердің 20 млн-нан астам картасы қолда екен. Оның 10 млн-ы активті карталар болсын. Енді әр картада шешілмей қалған 500 теңгеден бар деп есептейік. Барлық қалдық 500 млн теңгені құрайды екен!

Бұл банктердің ешқандай есепке ілінбеген, салық салынбайтын “көлеңкелі” активтері! Банктер бұл қаржыны өсіммен тағы да өзімізге ұсынады. Мұндай “көлеңкелі” ақша тасқынын біз тұрмақ, мемлекет те бақылай алмайды.

Қанаудың мұндай түріне жол бергізбеудің бір ғана жолы бар: егер, картадағы ақшаны түгел шешіп алғасын, қалған ақшаны бір тиын да қалдырмастан коммуналдық қызметке, интернет, телефон қызметіне төлеп жіберу керек! Банктерге ақшамызды есепсіз басқаруға жол бермеу керек!

Ал “есеп-шотта ақша қалмаса, карта жабылып қалады” деген кеңестік кезден қалған түсінік.

Есепшотыңыз неше жыл тұрса да өзіңіз келіп жаппасаңыз жабылмайды. Жемқорлықпен күрескіңіз келсе, алдымен банкоматтағы қалдық ақшаны түк қалмастан жаратып жіберуден бастайық», деп жазады Жақаш.

Ақшарқат Ахметбек
https://kaz.365info.kz/eleusiz-egemen-nemese-bakh-kha-bolingen-bykhygan-milliardtar-khajda-332090

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз