Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Біздің азаматтар әлі күнге Кеңес одағының түсінігімен өмір сүреді – Ертісбаев

Ермұхамет Ертісбаев, ҚР Грузиядағы Төтенше және өкілетті елшісі:

– Адамның санасын өзгертетін – күнделікті тұрмыс-тіршілік. Міне, біз осы күнге дейін бұл қағиданы ұстандық. Яғни, нарықтық экономиканы құрғаннан кейін бірден азаматтардың санасы өзгереді деумен келдік. Шын мәнісінде, қоғамның санасын мемлекет, қоғамдық институттар мен зиялылар қалыптастырады. Әлемдік тәжірибе осыны айғақтайды.

Осы орайда Грузияны мысалға алайық. Бұл елдің тілі, көне мәдениеті, өзінің әліпбиі бар. Алайда қоғамның санасын өзгертпейінше, қоғамды қайта құру мүмкін болмайды.

Өйткені, Кеңес Одағының ыдырағанына 25 жыл өтсе де, азаматтардың санасында бұрынғы түсініктер әлі де қалып қойған.

Сондықтан біздің Президент рухани жаңғыруға үлкен көңіл бөліп отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз