Ақ үй аппаратының басшысы Райнс Прибус президент Дональд Трамптың көші-қонға қатысты шектеулер туралы жарлығын жақтап шықты. Бұның алдында федералдық сот жарлықтың күшін жартылай жойған еді.
Райнс Прибус NBC телеарнасына берген сұхбатында АҚШ әуежайында мыңдаған жолаушының жаңа шектеулерге қатысты наразылық акциясын өткізгенін жоққа шығарды. Ол 28 қаңтарда елге ұшып келген 325 мың адамның 109-ы тексеру үшін ұсталғанын мәлімдеді.
28 қаңтарда Нью-Йорктың округтық судьясы Энн Доннели шығарған үкімі шекара қызметіне жеті елдің АҚШ визасы бар немесе босқын мәртебесіне ие азаматтарын елден шығаруға рұқсат бермейді.
27 қаңтарда Дональд Трамп елді “шетел террористерінен” қорғауға уәде беріп, жеті мұсылман елінің азаматтарын АҚШ-қа келуіне уақытша тыйым салды. Шектеу мерзімі – 90 күн. Осы уақыт аралығында жаңа ережелер күшіне енеді. Трамп жарлығы Иран, Ирак, Ливия, Сомали, Сирия, Судан және Йемен азаматтарына қатысты шығарылды.