Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Биылғы жылғы күннің соңғы тұтылуы 11 тамызда болады

101

Оның айтуынша, күн жартылай тұтылмақ (Ай Күннің жартысын ғана көлегейлейді).

“Күннің тұтылуы Қазақстанның азғантай бөлігіне ғана көрінеді. Дәлірек айтсақ, солтүстік-шығыс облыстарында: Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде, Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстарында. Петропавл мен Павлодарда күннің тұтылуы анық көрінеді, ал Көкшетауда әрең байқалады, ал Астана мен елордадан оңтүстікке және батысқа қарай мүлдем көрінбейді. Тіпті біздің облыстың оңтүстік-батысында тұратын тұрғындар күн тұтылуын тамашалай алмайды, ал қостанайлықтарға тіпті көрінбейді де. Құбылыс туралы географиялық мәлімет осы”, — дейді астроном.

 

https://kaz.365info.kz/27-shilde-de-ajdyn-en-yzakh-tytyluyn-koruge-bolady-325040

Айтпақшы, күн тұтылуы елімізде 2015 жылдың 15 наурызынан бері болмаған.

“11 тамызда жердің ешбір түпкірінде Күннің толық тұтылуы болмайды. Бүкіл жерде жартылай ғана тұтылады. Ең ауқымды фазалар Арктикада, Солтүстік Жер архипелагының аралдарында байқалады. Еуразияның солтүстік-шығысында да көрінеді. Бізде күннің максималды тұтылуы 0.23-ке жетеді. Күн аспанда жоғары орналасып, қалада да, орманда да жақсы көрінеді.

Күннің тұтылуы 15.31-де басталады. Ең жоғары фазасы 16.14-те болады. Ал құбылыс 16.54-те аяқталмақ. Бір сағаттан астам уақыт кетеді”, — деп мәлімет берді Андрей Солодовник.

Күн тұтылғаннан соң бір тәуліктен кейін тамыз айындағы аспаннан жұлдыз жауған мезгілдің ең қызған шағы келеді.

“Айдың тұтылуы кезінде де Персеида метеорлары жарқырап аға бастады. Тамыз айында ең белсенді шағы басталады.

Жұлдыз ағуының ең қызған кезі тамыздың 12-сінен 13-іне қараған түні болмақ, яғни түнгі сағат 2-де.

Белсенділігі Күн шыққанға дейін созылады. Метеорлардың саны 100-ден асады деген болжам бар”, — деді Солодовник.
Ең бастысы, метеорлардың зулаған құбылысын барша жұрт тамашалай алады. Өйткені жаңа Ай енді ғана туғандықтан, оның жарығы жұлдыздарды бақылауға кедергі келтірмейді.

Ғалымның айтуынша, күннің тұтылуын тамашалаған кезде, тығыз оптикалық фильтр керек, яғни кәдімгі күннен қорғайтын көзілдіріктер жарамайды. Ал метеорларды бақылауға қала шамдарынан алыстау жер таңдаған абзал.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз