Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
4
USD
429
+2.03
EUR
500
+3.00
RUB
5.44
-0.06

Биыл сырттан келген 1053 қазақ жастары гранттан үмітті

Бұдан бөлек, «Мәңгiлiк ел жастары» жобасы аясында бөлiнген квота бойынша конкурста 9797 адам бағын сынайды.

Айта кетейiк, биыл жалпы 31 702 бiлiм гранты бөлiнген. Оның iшiнде 2 950 орын жоғары оқу орындарының дайындық бөлiмшелерiне, 28 752 грант күндiзгi бөлiмге қарастырылған. Конкурсқа 59 677 адам қатысады.

12 593 грант техникалық және технологиялық, 5 мыңға жуық грант педагогикалық, 2 690 грант ауыл шаруашылығы және ветеринарлық, 3 мың грант медициналық мамандықтарға бөлiндi. Бiлiм гранттарын орналастыру мүмкiндiгiне биыл 87 жоғары оқу орны ие болды.

Бұған дейiн жазғанымыздай, биыл грантқа үмiттi түлектердiң 80 пайызға жуығы қазақ мектебiн бiтiргендер.

Естерiңiзге сала кетейiк, білім гранттарын бөлу жөніндегі республикалық конкурстық комиссия 4-8 тамыз аралығында жұмыс iстейдi. 12 тамызға дейiн қорытынды шығарылып, грант иелерi БАҚ беттерiнде жарияланады. Комиссия құрамына мемлекеттік органдар мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері және жоғары оқу орындарының ректорлары кiрiп отыр.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз