Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) бүгін халықаралық террористік ұйымға қатысы бар деген күдікпен Шамо Мамедов есімді Қазақстан азаматының ұсталғанын хабарлады.
Комитет мәлімдемесінде 28 жастағы Мамедовтің Бішкекте 2 қыркүйекте болған терроризмге қарсы шаралар кезінде ұсталғаны айтылады.
Шамо Мамедов содырларды Сириядағы әскери іс-қимыл аймағына аттандырып отыруға қатысы бар деген күдікке ілінген. МҰҚК жедел-іздеу шаралары нәтижесінде Мамедовтың Қырғызстанға барған соң “тапсырма күтіп жатқаны” анықталғанын айтады.
Дереккөз: Азаттық