Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Бішкекте 10 жыл бойына өлген мал етін сатқандар анықталды

122

Абыржыған азаматтар мен Ош базарындағы жұмысшылардың қоңырауынан кейін, белсенді Ренат Самудинов, журналист Эльнура Молдокадырова мен жергілікті телеарнаның түсірілім тобы зерттеу жүргізіп, Бішкек базарларындағы сапасыз ет сататын және қайта өңдейтін орындарды анықтаған.

«Біз өлген жануарлар етінің айналымын бақылаймыз деп көз ілместен бірнеше түн өткіздік. Бұл ауру жануарлар немесе машина қағып кеткен немесе қасқырлар, шибөрілер тістеп алған малдар. Бұл – қалдықсыз өндіріс… Барлық ішкі дене мүшелері, яғни өкпе, бауыр және басқа да органдарын белгісіз Чинарбекке 10-15 сомға сатады. Ол сосискаға арналған фарш жасайды. Бұл базардың артында «үлкен» кісілер тұр», – деп хабарлайды Э.Молдокадырова.

Баспасөз конференциясын ұйымдастырушылар жергілікті әкімдіктің құрған комиссиясы тек есеппен шектеліп, жағдай өзгеріссіз қалады деп қорқып, Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаевқа қатаң бақылауына алуын өтінген. Қырғызстан Республикасының бірінші вице-премьер-министрі Мухамметкалый Абулгазиев журналистік зерттеуді толық қарап шығып, шенеуніктерден бір аптаның ішінде Ош базарын ретке келтіріп, осындай істермен айналысатын лауазымды тұлғаларды жазалауын талап етті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз