Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Бишімбаев отырған түрме орналасқан ауылдың жағдайы қандай

189

Шахта-Тоғұс жан-жағынан жіті бақылауда ұсталынады. Ауылдың басқа бөлігінде Ұлттық гвардияның 6698-ші әскери бөлімшесі орналасқан.

“Мен мұнда ата-анама келіп тұрамын. Олар екі қабатты көппәтерлі үйде тұрады. Үй салынғалы бері ешқандай жөндеуден өтпеген. Қателеспесем 55 жылдай уақыт өтті. Бір кездері модернизация бағдарламасына енгізуді сұраған едік, алайда нәтиже шыққан жоқ.

Су мен әжетхана бізде сыртта, тіпті тамақты да далада әзірлейміз. Жолдар шұңқырларға толы. Өзгеріс қашан болатынын білмеймін”, – деп айтты Бауыржан.

Ауылдың орталығында өзін жақсы ұстайтын жасөспірімдерге арналған интернат бар. Леңгір әкімшілігінде бізге мәселені қолға алып, ғимаратқа арнайы жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жауап қатты.

“Үйлердің барлығы жекеменшікке айналған, олардағы жөндеу жұмыстарын тұрғындардың өздері жасау керек. Ал үйдің модернизациясы жөнінде бізге ешкім жүгінген де жоқ. Ал жол жөнінде айтатын болсақ, онда біз жөндеу жұмыстарын жасамаймыз. Өйткені, жақында ол жерде су құбырының жүйесі енгізу жұмыстары іске аспақ”, – деп айтты Леңгір қаласының әкімі Болат Әділбеков.

Елді мекеннің кейбір тұрғындары қылмыскерлер түрмесінің ауылдағы үйлердің қасында әлдеқайда тәуір көрінетінін айтуда. Тұрғындар сотталушылармен көрші болуға қорықпайды. Олардың айтуынша, абақты жоғары деңгейлі күзет жүйесімен қамтылған.

Айта кетейік, Штат-Тоғұс ауылында орналасқан түрмеде өзінің жазасын Қуандық Бишімбаев өтеп жатыр.

“Біздің ауылдағы түрмеге Бишімбаевты алып келгенді естігенде, неге екенін білмеймін қатты таңғалдық. Біз оны да, оған келіп тұратын адамдарды да көрмегенбіз. Тауға шығып қарағанда сотталушылардың жүргендерін көруге болады. Алайда, алыстан олардың қайссы Бишімбаев екенін анықтау мүмкін емес” , – деп айтты ауыл тұрғыны.

Үйлері қирауға аз қалған ауылда өзгеріс қашан орын алары белгісіз. Алайда, елді мекен тұрғындары ұзаққа төзе алмайтындары анық. Олар жақында мәселе шешілмесе, Астанаға аттанып, өз шағымын жеткізуді жоспарлап отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз