Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Бірінші карантиннен шыққан кездегі қателіктерді қайталауға болмайды — Денсаулық сақтау министрі

167
Сурет: «Деловая столица»

Бұл жолы алғашқы карантиннен шығу тәжірибесі ескеріледі. Ол кезде  жіберілген қателіктерді қайталауға болмайды, дейді Денсаулық сақтау министрлігі. Екінші карантиннің бес аптасында негізгі мақсатқа қол жеткізілді: коронавирустың таралуы және сәйкесінше денсаулық сақтау жүйесіне түскен жүктеме төмендеді.

«Пандемия аяқталды, біз біртіндеп қалыпты өмірге ораламыз. Азаматтар маска киіп, әлеуметтік қашықтықты сақтауға міндетті, —

деген ведомство өкілдерінің дәйексөзі tengrinews.kz. келтіреді —

Әлі де бұқаралық, мерекелік және еске алу іс-шараларын өткізуден бас тартуға тура келеді. Бұл қажетті қауіпсіздік шарасы, онсыз болмайды.

Себебі бір науқас ондаған адамға вирус жұқтыруы мүмкін. Алғашқы карантиннен шыққаннан кейін инфекция қайта қарқын алды,  бұл қателікті қайталаудың қажеті жоқ».

17 тамыздан бастап карантин шаралары жеңілдетіледі, алайда бұл шектеу мүлдем алынып тасталады деген сөз емес. 22-23 тамыз күндері тағы да қатаң шектеулер қойылады.

«Бұл инфекцияның таралуын тоқтату үшін жасалады, —

деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігі. —

Осылайша, 22 және 23 тамызда 65 жастан асқан адамдардың қозғалысына шектеу қойылады, қоғамдық көлік тоқтатылады, ал бизнес қайтадан жұмысын тоқтатуға мәжбүр болады. Азық-түлік дүкендері мен дәріханалардың жұмыс істеуіне ғана рұқсат беріледі».

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз