Баян Мақсатқызы жазып біткен кітабына атау таппай дал, сондықтан ол әлеуметтік желіде байқау жариялады.
«Достар, жақында менің кітабым жарыққа шығады. Тек бір мәселе, оны қалай атарымды білмеймін. Сіздер не дейсіздер? Көңілімнен шыққан атау авторын жеке қолтаңбаммен тұсаукесерге шақырамын және бірге түскен фотомызды парақшамда жариялаймын», – деп жазды продюсер өзінің Инстаграм парақшасына.
Өз кезегінде желі қолданушылары бір сағатта «Кеш келген махаббат», «Судьба по имени Баян», «Өмір белестері», «Нежелезная леди», «Ақ Баян», «Зеркало моей души», «Степная ласточка» сынды бес мыңға жуық атау ұсынып үлгерді.
Айта кетелік, өткен жылы күзде Баян Мақсатқызы автобиографиялық кітап жазып жатқанын мәлім еткен еді.