Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

«Бір әйелмен ғана тұра алмаймын» – төрт әйел алған қазақтың шындығы

177

Бүгінгі қатігез қоғамда адамдар мейірім, жанашырлық деген сезімнен жұрдай болып бара жатыр, дейді ол.

«Бүгінгі қоғамда, әсіресе қазақтар ішіп-жеуді ғана алға қойып, Аллаға сену, құлышылық етуді екінші орынға қояды. Соның салдарынан біздің қоғамда адасып жүрген адамдар аз емес.

Көп қазақ төсек пен тамақтан басқаны ойлай алмай қалды.

Менің жаным қазақ, қаным қазақ! Сондықтан бүгінгі қоғамда керексіз болып жатқан жетімдер мен жесірлердің жағдайы жаныма қатты батады, жүрегім ауырады»,

– деп ағынан жарылды отағасы.

Шыны керек, қазір елімізде бір-екі баланы тәрбиелей алмай, ажырасып жатқан жастар толып жатыр.

Ал Қуаныш Хантөре бүгінде аудан жұртына ғана емес, бүкіл Қарағанды өңірінің танымал тұрғыны.

«Қазір маған ешкім алабөтен көзбен қарамайды. Керісінше, үлгілі шаңырағым мен өнегелі ұрпақтарыма қарап, жұрт сыйлай бастады. Шариғат жолымен төрт әйел алдым. Кейде түрлі ауыл-аймақтан жастар келіп «жолыңызды берсін» деп, менен бата алып кетеді», дейді.

Ал ауылыңызда сіздің жолыңызды қуып, тоқал алғандар бар ма, деген сауалға отағасының жауабы мынадай болды:

«Жұрттан жасырып тоқал алғандар бар шығар, бірақ мен сияқты жұртқа жария етіп үйленіп жатқандарды естімедім».

Қуаныш Хантөре

Арайлым Сатыбалдықызы,
Қарағанды

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз