Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Бір баласы бар”. Жол апаты кезінде екі аяғынан айырылған қыздың кім екені белгілі болды (фото, видео)

104

32 жастағы Катя мен оның құрбысы 16-маусымда әл-Фараби даңғылында болған жол апатынан зардап шеккен болатын. Қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылардың айтуынша, қыздар екі бөлек ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта Парафиева Орталық қалалық клиникалық ауруханасында жатыр. Шұғыл ота жасалғаннан кейін оның жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр.

https://kaz.365info.kz/al-farabidegi-zhol-apaty-saldarynan-khyzdyn-ayagy-zhylynyp-ketti-267278

Дәрігерлер қазіргі уақытта интенсив терапия жасалып жатқанын айтады. Барлық сала бойынша маман консилиумға қатысып жатыр.

Дәрігерлердің айтуынша,

Екатеринаның жағдайы бірте-бірте жақсарады.

“Науқастарға кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатқанын назарларыңызға алуыңызды сұраймыз. Денсаулық сақтау жүйесіндегі жетекші мамандар жұмылған. Олар барлық қажет болған препараттармен қамтамасыз етілген. Науқастардың жағдайы түзеледі деген үмітіміз бар, одан кейін реабилитация жүргізіледі”, – деді басқармадағылар.

Еске сала кетейік, кеше Алматыда болған жол апатынан қыздың екі аяғы жұлынып кеткені хабарланған болатын. Жол-көлік оқиғасы әл-Фараби даңғылында Тұңғыш Президент саябағының маңында болған. Жол апатына түскен көліктің барлығы батыс бағытта кетіп бара жатқан. Алдында хабарланғандай, зардап шегуші қыз емес, бір баласы бар келіншек екен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз