Америкалық мультимиллиардер Билл Гейтс BBC-ге берген сұхбатында өзінің қайырымдылық қоры қолдау көрсететін коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеу бағдарламасы, сондай-ақ осыған қатысты таралған конспирологиялық теориялар жөнінде пікір білдірді.
«Біздің міндетіміз — 7,4 млрд доллар жинау, сондай-ақ доллар немесе евро түрінде алатын кез келген қосымша қаржы адамдардың өмірін құтқаруға көмектеседі. Бүгінде вакцина салудың маңызы жоғары, —
Бірақ бізге қызылша, диарея және пневмония секілді аурулардың вакцинасы ғана керек емес.
Сонымен қатар, GAVI Вакцина және иммундау бойынша жаһандық альянсы коронавирустан қорғайтын вакциналарды дамушы елдерге де жеткізгені маңызды
Біз GAVI бюджетінің ішінде ғана ақша жинап жатқан жоқпыз, кедей елдерге коронавирустың вакцинасын сатып алумен айналысатын жаңа қор аштық.
Вакцинаны алғашқылардың бірі болып, эпидемия қазірге дейін жалғасып жатқан елдердің медициналық қызметкерлері алуы керек. Бұл олар жұмыстарын ары қарай жалғастырып, өмірлеріне қауіп төндірмей адамдардың өмірін құтқаруымен айналыса алуы үшін қажет. Одан кейін полицейлер мен жедел жауап қату қызметіне — өмірлік маңызды салалардың жұмысшыларына беріледі. Оларды қорғағаннан кейін ғана басқа адамдарға назар аударуға болады.
Егер вакцина қарт адамдарға оң әсерін тигізсе, оны қарттар үйіне, түрмелерге және үйсіздер паналайтын орындарға жолдау керек
Мұны әлемдік ауқымда жасау керек. Бақытымызға орай, біз бірнеше зауыт салуып жатырмыз және олардың өндіріс көлемі жоғары болады деп үміттенеміз.
Біз жеткілікті өндірістік қуаты бар барлық фармацевтикалық компаниялармен жұмыс істейміз. Біз олардан «егер сіздің вакцинаны таңдамаса да, осы вакцина өндірісін бастау үшін бүкіл әлем бойынша Сіздің қуаттыңызды пайдалана аламыз ба?» деп сұраймыз. Фармацевтикалық компаниялар «біздің вакцина ең үздігі болмаса да, біз өз зауыттарымызды ұсынамыз» деп жауап беруде (…)
Бұл компаниялар әлемге көмектесумен айналысуда. Олар қандай да бір пайда табуды көздемейді. Олар бұның барлығына қажет екенін біледі. Адамдар қандай пікір айтса да, фамацевтикалық индустрия өздерін тек жақсы жағынан көрсетуде (…)
Егер түрлі қауесеттер мен ғылымға қарсы пікірлерді алып қарайтын болсақ, бұл адамдардың арасына от салады. Осы ақымақтық үшін сандық технологиялардың пайдаланылатындағы алаңдатады.
Вакцина пайда болғаннан кейін, ұжымдық иммунитеттің қалыптасуына, халықтың 80%-на вакцина салынуына қол жеткізуіміз керек
Бірақ олар бұл алдап-арбау, зиянды деп деп ойлап, оны салудан бас тартуы мүмкін. Ондай жағдайда ауру адамдардың өмірін жалмап, өлім-жітім көрсеткіші жоғарылайды.
Осындай ақымақ адамдар мені алаңдатады. Мен туралы айтылған теорияларға таңғаламын
Біз індеттің емін табу үшін ақша бөліп, фармацевтикалық компанияларға қолдау көрсетеміз.
(…)Иә, біз балаларды аурудан қалай қорғаймыз деп ойлаймыз, бірақ бұл оларға қандай да бір чип салу дегенді білдірмейді. Кейде күлкің келеді (…)