Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
9
USD
482
0.00
EUR
532
0.00
RUB
5.07
0.00

“Біліп тұрмыз…”. Алматыда жоғалған баланың әжесі немересін біреулердің ұстап отырғанын айтты

Аядай болса да, жалдамалы үйде 8 адам тұрып жатқан. Өкініштісі сол, әлі есі кірмеген Әрсенді ешкім бақыламапты. Ал, анасы жұмыста болғанын айтады. Ылғи алдынан жүгіріп шығатын ұлы сол күні күлімдеп күтіп алмағанда-ақ Жанардың көңілінде күдік пайда болған екен.

“Осы жерде «мама» деп алдымнан жүгіріп шығатын. Осында келген кезде. Ешқандай хабар жоқ. Білмеймін, бір жағынан қорқамын.. Ал, көрші-көлем анасы ұлына тым салғырт  қарады деп отыр. Қалай болғанда да, қазіргі мақсат бүлдіршінді аман-есен табу. 5 күн бойы бір хабар болмай, жақындарының ойы сан-саққа кетіп отыр.

Оны біреулер ұстап отыр деген болжамдары да бар”,-дейді анасы Жанар Көмекова

Ал жоғалған баланың әжесі болса алған жандар болса, баланың аман-есен қайтарып берулерін сұрап отыр, есесіне құзырлы органдарға арыз жазбайтындарын айтуда.

“Кім ұстап отырса да мына баламызды қайтарып әкеліп берсе болды. Біз тіл де тигізбейміз, заң орнына да жазбаймыз. Баламыз үшін бар ғой, неғұрлым ортамызға келсе болды.

Ал, полицейлер ең алдымен құдықтар мен жақын жердегі өзен жағалауын қарап шыққан. Әрі үй-үйді аралап, сұрастырып жүр. Із-түссіз кеткен ұлдың суреті де жан-жаққа ілінуде”,-дейді әжесі Зәуре Сейбосынова.

Ал, Алматы қаласының ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек болса, іздестіру жұмыстарына бірнеше еріктілер мен қызметкерлер жұмылдырылғандығын айтуда.

“120-ға жуық полиция қызметкерлері баланы іздеуге жұмылдырылды. Қазіргі таңда «Шаңырақ» ықшамауданына шекаралас басқа да ықшамаудандар тексеруге алынды. Бейнекамералардың жазбалары да толығымен талданып жатыр. Іздеуге еріктілер, тіпті, кинологтар да ат салысып жатыр. Ал, тума-туыс үміттерін үзбейді. Қазір оларға Әрсен туралы кез-келген ақпарат маңызды. Сондықтан, баланы көргендер, не ол туралы естігендер болса, тез арада хабар беруін өтінуде”,-дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 4 жасқа енді толатын баладан жақындары өткен бейсенбіде көз жазып қалған. Сол күні Әрсен мына жерде алаңсыз ойнап жүріпті. Әрі үлкендердің қарауынсыз болған екен. Міне, осымен бесінші күн баладан ешқандай хабар жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз