Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Білім министрлігі келесі жылдан бастап кімдердің жалақысы өсетінін айтты

365

Асылованың айтуынша, Қазақстан президентінің жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау мақсатында 2019 жылдан бастап білім саласына жұмсалатын шығыстар ұлғайтылады.

“Келесі жылдан бастап 2023 жылға дейін білім саласындағы шығыстар ұлғайтылады. Бізге бөлінетін қаражат аясында 2019 жылдан бастап тәрбиешілердің, әдіскерлер мен балабақша меңгерушілерінің жалақысын өсіру жоспарланып отыр.

Бұған қоса, “педагогтардың мәртебесі” туралы заң аясында мектеп директорлары мен олардың орынбасарларының жалақысын көбейту көзделген.

Сондай-ақ, ұстаздарды қолдау мақсатында сынып жетекшілігі мен дәптер тексеру бойынша қосымша ақы төленеді”, — деді вице-министр үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның айтуынша, тәрбиешілер, әдіскерлер мен балабақша меңгерушілері үшін 30-дан 50 процентке дейін үстемақы енгізіледі.

“Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жол картасын әзірледік. Жұмыс тобы құрылуда. Бізде орта мектеп мұғалімдері үшін ұлттық біліктілік тесті дайын.

Қазір енді тәрбиешілердің ұлттық біліктілік тестіне кірісеміз. Балабақша тәрбиешілері, әдіскерлер мен балабақша меңгерушілері үшін үстемақы енгізіледі. 30-дан 50 процентке дейін.

Ұлттық біліктілік тестінің қорытындысы бойынша еңбекақылары өседі. Осындай ауқымды жұмысты бастап жатырмыз”, — деді Суханбердиева.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз