Facebook-те белсенді болып жүретін Нағашыбай Есмырза да түңіліп отыр. Сіз пәлендей деп сеніп жүрген, ел алдында жүрген Айдос Сарым мен Әміржан Қосанов сияқты белді қайраткерлерімізді аямай сынап тастапты.
“Кеше FORUM JAŃA QAZAQSTAN деген бір дүлдамал ұйым дүниеге келді. Мен бұл ұйымның өмірі ұзақ болатынына сенбеймін. Өйткені, бұл ұйымның басшылығында кешегі баспасөз мәслихатында отырғандар болатын болса, светті сөндіре беруге болады.
Расул Жұмалыны танымайтын болсам да, Әміржан мен Айдосты бір кісідей танимын.
Әміржанның жүрген жеріне шөп шығып көрген емес. Шықса да, тобықтан асқаны шамалы.
Ал Айдос інімді кім боларын әлі де білмей жүрген бала деп білемін. Ұмытпасам, 2011 жылы-ау деймін, Қазақстан Жазушылар одағында “ҰЛЫ ДАЛА” деген ұйым құрылып, соның басы-қасында осы Айдос жүрген… Қайда сол ұйым?…
“Бізді сатып алуға биліктің ақшасы жетпейді”, – деп қояды… Пішту деген… Билік үшін сендер не, Астананың масасы не — біп-бірдей…”,
– деп күйініпті Нағашыбай Есмырза.
https://kaz.365info.kz/aferist-khyz-aram-yl-khazakhtyn-zhastary-nege-alayakh-bolyp-barady-311778