Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Біле жүрейік. Алматыда теріс ағым өкілдері жүретін орындардың аты аталды

111

Оның айтуынша, Алматыда радикал болуы мүмкін тұлғаларды анықтау бойынша жұмыс жүргізе отырып, құзырлы органдар адамды радикалдарға сырт келбетімен ұқсас келетін адамдарды ұстауы мүмкін.

“Қала үлкен. Осы идеяларды ұстанатындар бар. Олар біздің арамызда өмір сүріп жүр, оқиды, жұмыс істейді, мешітке барады, заңға қайшы келмеуі мүмкін. Тек заң бұзылса ғана жауапқа тартылады. Бірақ, тек сырт келбетіне қарап ұстауға болмайды. Адам қателеседі. Біреулер бұрыс бағыт берген болуы мүмкін. Олармен әңгімелессе, дұрыс жолға оралып та жатады”, – дейді Есенбеков.

Оның сөзінше, қалада радикалды идеялар насихатталып, адамдарды өз жағына тартуы мүмкін орындарға бақылау жүргізіледі.

“Олар жиналатын бірнеше мешіт бар. (…) Сатушылары дәстүрлі емес ағымда жүргенін байқататын бірнеше сауда үйі мен базарлар бар. CarCity автобөлшектер базары бар, аэровокзал бар, ол жерде олар телефон сатады, назарымызға түскен тағы бір орын – көк базардағы сауда нүктесі. Барахолкадағы кей базарлар, діни оқулықтар сатылатын орындар”, – дейді ведомство басшысы.

Сонымен қатар Айдар Есенбеков дінге бет бұрғысы келген, бірақ, радикалды ағымдар жетегінде кетіп қалғысы келмейтін тұрғындарға өз ұсыныстарын айтты.

“Мен бірден айтайын Намазға жығылғысы немесе Исламға бет бұрғысы келген адам мешітте қызмет атқаратын ресми имамға баруы керек. Көшеде біреулермен бұл мәселе бойынша тілдесудің керегі жоқ. Егер бәз біреулер дәріс тыңдауға шақырса, фильм көруе шақырса, бірден қауіптену қажет. Онымен бармасын, мешітке барсын”, – деп өз кеңесін берді Есенбеков.

Сонымен бірге, ол дін істері комитеті қандай кітаптар оқуға болатынын және мешіт мекенжайлары көрсетілген 20 сайттың тізімін жариялағанын атап өтті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз