Атырауда туған баласы мен бауырын баукеспелікке баулыған келіншек ұсталды.
Атырауда 5 жасар баласын қасына ертіп, ұрлыққа түскен келіншек ұсталды. 27 жастағы әйел бұл іске бауырын да тартыпты деп хабарлады КТК телеарнасы.
Көп ұзамай қолға түскен күдіктілер қазір тергеу абақтысында отыр. Олар ұрланған әшекейдің бірін ломбардқа өткізіп те үлгерген екен.