Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
12
USD
444
+1.32
EUR
475
+0.35
RUB
4.83
+0.09

Бибісара, әлем чемпиондары. Астанада шахмат фестивалі қалай өтіп жатыр?

Блиц пен рапид турнирлеріне Хоу Ифань, Айк Мартиросян, Владимир Крамник, Борис Гельфанд, Винсент Кеймер, Левон Аронян, Екатерина Лагно, Александр Грищук, Арджун Эйригайси, Джавохир Синдаров, Джахонгир Вахидов және блицтен екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева сияқты әлемнің көрнекті ойыншылары мен гроссмейстерлері қатысады.

Сондай-ақ, фестиваль аясында жас шахматшылар Қазақстаннан шыққан бірінші Әлем чемпионы Бибісары Асаубаеваның Кубогы үшін күреседі.

– Он жыл бұрын мен шахмат әлемінде өз жолымды енді ғана бастаған едім, көптеген турнирлерді көріп, өзім бір кездері әлем чемпионы болуды армандадым, бақытыма орай, сол арманыма жеттім, – деді Бибісара Асаубаева.

Фестивальдің демеушілері қатарында Қазақстандық шахмат федерациясы, “Баян Сұлу” АҚ, ABChess және т.б. компаниялар бар. Балалар турнирі басталар алдында жас шахматшыларға ойлау процесін жақсарту үшін “Баян Сұлу” фабрикасының “Қазақстандық шоколады” табысталды.

– Біз отандық компания ретінде спортшыларымыздың әлемдік деңгейдегі биіктерді бағындыру ниетін қолдаймыз. Шахмат көп ақыл-ой күшін қажет етеді және біздің шоколад қатысушыларға күш-қуат бергеніне қуаныштымыз, – дейді “Баян Сұлу” АҚ Басқарма төрағасы-президенті Тимур Садықов.

Бибісара Асаубаева Кубогы үшін барлығы 300 бала додаға түседі. Жарысқа қатысушылардың көп болуы өскелең ұрпақтың шахматқа деген жоғары қызығушылығының көрсеткіші.

– Шынында да шахматқа қызығушылық артып келеді. Мен шахматты насихаттауға үлес қосып жатқанына қуаныштымын, – дейді 14-әлем чемпионы, Әлем кубогының иегері, шахматтан үш дүркін Олимпиада чемпионы Владимир Крамник.

Фестивальден тікелей эфирлерін Twitch және YouTube-тен көруге болады.

Фестивальдің толық бағдарламасымен арнайы сайтта танысуға болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз