Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
20
USD
522
+2.02
EUR
602
+4.98
RUB
6.65
+0.02

БҒМ:Мұғалім мәртебесі туралы заңды дайындауға кірістік

201

Бүгін ҚР Парламенті Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінде 2017 жылдың 22 қыркүйегінде өткен «Орта білім беру жүйесінің жан-күйі, проблемалары және заңнамалық реттеу перспективалары» тақырыбына арналған парламенттік тыңдау ұсынымдарын іске асыру нәтижелері туралы және Елбасы Жолдауларында қойылған міндеттерді іске асырылу барысы тақырыбына арналған үкімет сағаты өтіп жатыр.

Отырыста Эльмира Суханбердиева президенттің Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында берілген тапсырмаларды орындауға кіріскенін хабарлады.

«Елбасының тапсырмасына сәйкес «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын дайындау басталды. Жұмыс тобы құрылды. Бүгінгі таңда заңның концепция жобасы әзірленді. Ол әзірлегеннен кейін министрлік оны барлық өңірдегі педагогикалық және ата-аналар қауымдастығымен талқылайды», – деді вице-министр.

Осы орайда БҒМ өкілі аталған заң жобасын дайындауда депутаттардың да пікірі ескерілетінін жеткізді.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз