Нұр-Сұлтан
Қазір
-8
Ертең
-14
USD
525
+13.36
EUR
552
+11.86
RUB
4.93
+0.20

“Беті ашылған…”. Сұлулық байқауына қатысқан келіншек неге күйінгенін айтты

254

3 мыңға жуық қатысушының ішінен іріктеліп алған 5 қыз-келіншек (3 қыз, 2 келіншек) өзара додаға түстік… Бұл жобада көөөп түсініспеушіліктер болды, айта кетсем, Баян сұлу деген келіншек болмаған, қыз болған, деген сияқты сөздер. Әйтеуір не керек 2 келіншек көөп сынның астында қалдық.

 

https://kaz.365info.kz/koz-zhasyn-tokken-zhurnalist-sylulykh-bajkhauyna-khatyskhan-zhurnalist-310777

 

Тіпті кейбір өнер жұлдыздары “беті ашылған” деген пікірді айтқанда өз басым қатты қапаландым.

Негізі жобада сайысқа 18 бен 35 жастағы қыз-келіншектер қатыса алады және кәзіргі кездегі Баян сұлудың бет-бейнесін анықтау деп нақты жазылған еді.

Яғни, қазіргі Баян сұлуды қалай елестетесіз деген мағынада және біз соны сайыстың 2-турында өз образымызбен қорғап шықтық.

Мен Баян сұлуды кәзіргі кезде ата-салтпен тұрмысқа шыққан, қазақилығы басым, басында ақ орамалы бар, ұлттық нақышымен елді сүйсіндіріп, бір үйдің түтінін түтетіп, ұрпақтарын дүниеге әкелген әйел-ана, келін ретінде өз образымды қорғап шықтым.

Өкініштісі, сол образды қорғап тұрып ешбір қатысушы алмаған 2 деген балды алдым. Ішімнен үнсіз күлдім.

Сөздің тоқетері, “Баян сұлу” кондитерлік фабрикасына алғысым шексіз. Компания өрлей берсін, өсе берсін! Ораза айы болғандықтан көп нәрсе айтқым келмейді, барға қанағат еттім, Аллаға раxметімді айттым!

https://kaz.365info.kz/birinen-biri-otedi-politsiya-khyzdardyn-arasynda-bajkhau-zhariyalandy-foto-302452

 

Ең бастысы, “Баян сұлу” кондитерлік фабрикасының Инстаграм парақшасында қаншама оқырмандарым мені қолдап, жақсы пікірлеп жазып көңілімді көтеріп тастады. Бұл да бір Алланың берген сыйы шығар. Раxмет Сіздерге!!! Себебі кез-келген адамды, әнші болсын, ақын болсын т.б. көтеретін де, өшіретін де ХАЛЫҚ және оның қолдауы мен қошеметі.

Әділқазылар, соны байқады-ау деймін, маған “Мисс көрермен көзайымы” деген номинация мен ІІ-ші орынды қанжығама байлап, қолыма Тайландқа 2 адамға демалыс билетін беріп, жақсы ықыласпен Маңғыстауыма ұшырып жіберді.

 Сөз соңында айтарым: біз қаны бөлек Қазақ деген ұлттың ұрпағымыз! Сондықтан қазіргі кез болсын, баяғы заман болсын, ұлттық дүниелерімізді дәріптейік!”, деп сөзін аяқтапты Мадина.

 

https://kaz.365info.kz/khyzdy-birden-khylatudyn-ysh-amaly-khazakhtyn-aruy-khandaj-zhigitterge-kharajtynyn-ajta-saldy-263304

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз