Алматыда бесіктегі сәбиін аяусыз сабаған әйел Өзбекстанда жазасын алатын болды.
Бұл туралы КТК хабарлады.
Өйткені, қылмысты біздің елде жасаса да, өзі сол жақтың азаматы.
Қатыгез келіншекке қатысты қылмыстық іс қозғаған Ішкі істер министрлігі істі өзбек әріптестеріне бермекші. Себебі жантүршігерлік видео интернетке тараған бойда, қатыгез әйел Алматыдан отаны Өзбекстанға қашып үлгерген екен. Енді өз елінің заңы бойынша, жауапкершілікке тартылуы тиіс. Ал анасынан қатты таяқ жеген баланың тағдыры белгісіз.