Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Беркут: «Ешкім аспаннан бай болып салбырап түскен жоқ!»

592

Белгілі болғандай, үлгілі отағасы өз атына сын естуді ұнатпайды. Беркут қызғаншақтық жаман қасиет екенін және бұл жағымсыз эмоцияны алдын алу керектігін жеткізді. Орындаушының айтуынша, ол мұның бәріне қажырлы еңбектің арқасында жеткен.

Осы сәтті пайдалана отырып, әнші тиыннан тиын құрап жүрген өткен шағынан сыр шертті.

«Көреалмаушылық — жаман қасиет! 2000 жылы Алматыға Тараздан келгенімде, қалтамда 500 теңге ғана бар еді. Астымда көлігім бар, әскерден келгенде дереу жұмысқа кірісіп кеткем. Шымкент пен Тараздың екі ортасында бензин тасып, ағаларыма көмектесіп, еңбегіммен тапқан көлігім еді. Содан, қалтамда 500 теңге, жатар жерім апкем мен жездемнің үйі, жегенім осы кісілердің тамағы. Құдайға шүкір аш жүрген жоқпын.

Әрі-бері осы әнші боламын деп, кішкентайымнан армандаған мақсатыма жетудің амалдарын іздедім! Мұңайған сәттерім де болды.

Ағам ұрысып, қайт үйге деп қоймады. Тыңдамадым! Содан 2002 жылдан бастап Е. Жагалтаев деген продюсермен танысып, сонымен жұмыс істей бастадым. 2-3 жыл жатпай, тынбай, күні-түні студиядан шықпай еңбек еттім! Есімде сол сәттер! Бәрібір тиын санап жүрдім. Бірақ арманыма қатты сендім! Айтқанымнан қайтпан деп, одан әрі қатты еңбектендім! Аллаһқа шүкір, ешқандай көкем болған жоқ спонсор болып көмектесіп, өмір бақи қарыздар болатын!

«Мені таңдағаныңа рақмет» — Беркут әйелін әсерлі құттықтады

Айтайын дегенім, ешкім аспаннан салбырап түскен жоқ бай болып! Біз де жүрдік студент болып, Тараздың базарынан пирожки жеп, біз де жүрдік сағаттап автобус күтіп. Біз де жүрдік гитарамыз бен домбырамызды аулаларда арқалап, ән айтып, арманға сеніп!

Кейбіреулер бар екен-ау осы басқалардың қалтасын санайтын. Соған қатты ыза болдым! Мен мұндайды көреалмаушылық деп білем. Ренжімесін!

Бәрібір мен ондайларды көңіліме алмаймын. Дегенмен айта кетуді жөн көрдім.

Аллаһқа шүкір, қазір отбасым, екі ұлым, бір қызым бар! Барлығы бірінші Алламның көмегімен, екінші ата-анамның берген білімі мен тәрбиесінің, үшінші бізді сүйіп тыңдайтын xалқымыздың арқасы! Сондықтан, айтайын дегенім, барлығы еңбекпен келеді! Армандарыңызға сеніңіздер! Бәрі де болады!» – деді Беркут.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз