Берік Имашев ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы болып тағайындалды.
Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.
“Имашев Берік Мәжітұлы ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы болып тағайындалсын”, – делінген ҚР Президентінің жарлығында.
Осыған дейін Берік Имашев Әділет министрлігін басқарған болатын.