Белгісіз біреулер Дүниежүзілік сауда ұйымына ену бойынша Қазақстан үкіметі бағдарламасын жүргізетін сайтты бұзып, оған арабтарға қарсы ұранды орналастырған.
Facebook қолданушысы Айнұр Қаргалинова хакерлер бұзған сайт бетін көшіріп үлгерген. Қазір сайт бұғатталған.
Бір апта бұрын Қарағанды мен Шымкенттің сайттары да хакерлік шабуылға ұшыраған еді. Белгісіз біреулер сайттардағы видео материалдар мен кейбір мақалаларды өшіріп тастаған.