Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Кездесіп тұрамыз…”. Белгілі актриса бұрынғы күйеуімен арақатынасы жайлы айтты (видео)

144

 

 

“Менің бұрынғы күйеуім – ол өте жақсы адам”

Линда баласының әкесі, яғни бұрынғы күйеуі Мұхтар Өтәлімен қарым-қатынасы жайлы да айта кетуді ұйғарды. Айырылысып кеткендеріне көп болса да Линда бұрынғы күйеуі жайлы жақсы сөздер айтады.

“Ол өте талантты адам. Екеуміз баламыз болған соң ғана араласып жүрген жоқпыз.  Ұлым үшін оған деген алғысым шексіз. Мен бұдан бұрын да оған алғыс айтатынмын, бұдан кейінде айта беремін, өйткені балам әкесіне ұқсаған. Баламның әкесі жақсы адам.

Мен ол кезде 18-де ғанамын ғой. Сонда ол бала дүниеге келуі керек деп шешім шығарған. Оған өле-өлгенше разымын.

Қызғаныш болды, бір-бірімізді қажап, қинай бердік, содан ажырасқан дұрыс деп шештік”.

Айта кетелік, Мұхтар Өтәлі музыкант, 90-шы жылдардағы атақты „Бублики„ тобында өнер көрсеткен. Бүгіндері оның басқа отбасы бар. Ал Линда екінші рет мүлде күйеуге шықпаған.

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз