ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Беларусь Республикасындағы Қазақстан елшілігінің аға есепшісін ұстады.
Бұл туралы ұлттық бюроның баспасөз қызметі хабарлады.
Ұлттық бюро мәліметінше, Сейдуалиев 2012-2015 жылдар аралығында 207 000 доллар көлемінде бюджет қаражатын жымқырған. Ол “Активбизнесплюс” ғимаратын салған бас мердігерге „ақшалар төлденді„ деген кассалық ордерлердің шығынына қатысты құжаттарды жалған дайындаған.
“Сондай-ақ, Сейдуалиев осы уақыт бойы елшілікке Беларусь Республикасының салық органдарынан қосымша құн салығы ретінде қайтарылған 474 883 доллар көлеміндегі қаражатты жымқырған. Бас есепшінің жымқырған қаражатының жалпы сомасы – 681 мың 883 доллар”, – деді баспасөз қызметіндегілер.