Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Бекзатты қазір ешкім есіне де алмайды”. Чемпионның ата -анасы өз наздарын жеткізді

217

Бұл туралы “Отырар” телеарнасын сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

2000 жылы Түркістан қаласындағы спорт мектебіне Бекзат Саттархановтың есімін берген. Алайда, оның ішінде Абдысалам Нұрмаханов атындағы мектеп жұмыс істеп тұрған көрінеді.

Түркістан қаласына кіреберіс жолда атақты чемпионға ескерткіш қойылған, ал оның жанында тұрған спорт кешені салынғалы бері жөндеу көрмепті.

Бекзат Саттархановқа қатысты ащы шындық

Мектеп директорының орынбасары жақында бұл олқылықтың орнын толтырамыз деп отыр.

“Біз республикалық деңгейде жарыстар ұйымдастырамыз. 100 пайыз болмаса да, қолымыздан келгенінше, барлығын жасап жатырмыз. Келесі жылдың наурыз айынан жөндеу жұмыстарын бастаймыз. Оған 300 миллион теңге бөлініп қойды.

Біз өз күшімізбен еденді ауыстырып, кабинеттерді жөндеп қойдық”, – дейді Нұрмаханов атындағы Олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі директорының орынбасары Төленбек Асанов.

Аталмыш мәселеге қатысты Бекзат Саттархановтың жақындары да өз наздарын жеткізді.

“Бекзат олимпиада чемпионы болған кезде бұл кешен бар еді. Ал қазір сыртында Бекзаттың есімі жазылғанымен, ішінде мүлдем басқа спортшының мектебі жұмыс істеп тұр. Бұл ғимаратта менің ұлыма қатысты басқа ешнәрсе жоқ.

«Ұлым…». Марқұм Бекзат Саттархановтың анасы өз шындығын айтты (видео)

Бекзатты мүлдем ұмытып кетті. Ешкім қазір оны есіне де алмайды, жақсы сөз де айтпайды. Жөндеу жұмыстары туралы мүлдем ауыз ашпай-ақ қояйын.

Чемпионның өз атына заманауи, жақсы ғимарат салса болмады ма? Ол Қазақстанның атынан жұдырықтасып, елдің атын шығарған азамат болды ғой”, – дейді Бекзаттың әкесі Сейілхан Саттарханов.

Айта кетейік, спорт кешеніне барған тілшілер ондағы жаттығу құрылғыларының да істен шыққанына куә болған

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз