Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Бекер бардың…”. Мұрат Әбенов Біртановтың қалай бұзылып кеткенін айтты

Сөйтсе, Қазақстан гепатит, қант диабеті мен балалар сал ауруын тегін емдеуді тоқтатпақшы екен. Кеше тура осындай мазмұнды қамтитын Денсаулық сақтау министрінің бұйрықтар жобасы жарияланды.

Мұрат Әбенов

«Елжан, доғар дейм. Кеш болмай тұрғанда. Әйтпесе басыңды көтеріп, елдің көзіне тікке қараудан қаласың.

Білесің бе, егер халыққа қарсы бұл идеяны енгізетін болсаң, Біртанов деген тегің халықтың жадында тайға таңба  басқандай сақталатын болады. Ұзақ уақытқа дейін. Өйткені жүз мыңдаған қазақстандық емсіз қалайын деп тұр. Тегін ем алу құқығынан айырылмақ.

Дерті денігіп, ұзақ ем алуы тиіс адамдар осылай туған-туысына салмақ болады, әрине тіршілік тауқыметінен тыс тағы бір ауыртпалық артып берген мұндай министрдің аты-жөнін ол кісілер қайта-қайта аузына алып, бір сыбап отырары сөзсіз.

«Оның мақсаты не? Бұл жағы маған мүлде түсініксіз. Беделді дәрігер, кәсіби менеджер болған. Тәп-тәуір адам еді. Саясатқа бекер кетті, негізі…», – деп жазды Мұрат Әбенов Facebook-тегі жеке парақшасында.

https://kaz.365info.kz/senat-koterildi-densaulykh-ministri-birtanov-khyzmetinen-kete-me-318229

Әне, қант диабеті мен ДЦП-ға шалдыққандар  Астана әкімі Әсет Исекешевтің есігін қағып, митинг өткізуге рұқсат сұрап, өтініш жазып та үлгерді.

“Балаларға обал ғой, мәселен, қант диабетіне шалдыққан бала қабылдайтын бір емдік виктозы 50 мың теңге тұрады. Ақшасы болса, алады әрине. Ал жоқ болса, өлсе өле беруі керек пе, сонда„ делінеді хатта.

https://kaz.365info.kz/aj-mynalaryn-ne-almatydagy-12-shi-auruhanaga-kirip-kelgen-birtanov-shoshyp-ketti-video-318547

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз