Түркістан облысында жәбір көрген бірінші сынып оқушысының әжесі немересін қинаған оқушының да сол мектепте оқып жатқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz.
№74 мектеп басшысы Селтанов Бейбіткүлдің қызметі тоқтады. Алайда қызметінен кеткен жоқ.
Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Нұрлан Оршубеков айтты.
«Барлық мәліметті облыстық әкімдік арқылы алдық. Бұл мәселенің нүктесі қойылған жоқ», – деді Білім және ғылым министрлігінің балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Нұрлан Оршубеков орталық коммуникациялар брифингінде.
Оршубеков аталған мектепте «күмәнді дипломмен» жұмыс істеп жүрген мұғалімдедің барын айтты. Кейбірі Өзбекстанда білім алып, нострификациядан өтпеген.
Ал, Сарыағаш ауданық білім бөлімінің жетекшісі Мейрихов Б, №74 орта мектептің директоры Селтановтың қызметі тоқтады, бірақ әлі қызметінен кекен жоқ.
Абайдағы полиция бөлімінің анықтаушысы Рахматулла мен Сарыағаштағы ішкі істер басқармасы бөлімінің басшысы Қабыштаевқа жартылай қызмет ету үкімі жарияланды.
Сарыағаш аудандық әкіміне, Түркістан облыстық ІІД-нің кәмілетке толмағандар ісімен айналысу инспекцисы басшысына қатаң сөгіс берілді.
Ювеналды полиция инспекторы Жұмабаев пен анықтаушы Рахматуллаға қатысты тергеу жүріп жатыр.
Еске сала кетейік, Сарыағаш ауданы Абай ауылында тұратын 7 жасар баланың зорланғаны туралы ақпарат қоғамда қызу пікірталас туғызды. Баланың әжесі құқық қорғау органдарына немересін жоғары сынып оқушылары зорлап келгенін айтып арызданған. Бұған қатысты қылмыстық іс қозғалған еді.
Бұған дейін Түркістан облысы Абай ауылында тағы бір жеткіншек зорлық ісіне қатысты шағымын айтты. Ол өзін ауылдас жігіттердің зорлағанынайтып, көмек сұрады. Бас прокуратура Абай ауылында зорланды делінген екінші балаға қатысты пікір білдірді.