Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-10
USD
523
-2.03
EUR
549
-1.55
RUB
5.07
-0.02

“Баянмен неге алыстыңдар!..”. Жүрсін Ерман айды аспанға бір-ақ шығарды

211

«Қозы-Көрпеш Баян-Сұлу» деген эпос, қазақ өнерінің мәңгілік тақырыбы болып келе жатыр. Мына Жанат Қажиев деген режиссер, Торғайда жүргенде, Торғай театрында осы спектакльды қойып, мен ғажайып таң қалғаным бар. Әуезов театрындағы «Қозы-Көрпеш» пен мұның екеуінің арасы жер мен көктей болды. Енді әр режиссердың көруіне байланысты ғой. Фильм де шықты.

Қазір мынау «Қазақстан» Ұлттық арнасында түсірілген «Қозы-Көрпеш Баян-Сұлу» сериалы, қоғамдық ортада бір үлкен оқиға сияқты сөзге айналып кетті.

Мен мына әлеуметтік желіге онша әуестігім жоқ, бірақ анда-санда ашып қалсам болды, содан басқа қазақ қоғамында мәселе қалмағандай, осыны сөз қылып жатыр. Енді оның көркемдік сапасы, басқа кемішілктері бар шығар, бірақ «Қазақстан» Ұлттық арнасының басты өнімі бұл емес қой. Ұлттық арна Қазақстанның аяғынан тұрып, ақпарат айдынында өзінің орнын табу деген оңай шару емес. Әсіресе теледидардың шаруасы, қаржыдан бастап неше түрлі саясаттың, өнердің басын қосатын жерде Ерлан Қарин Ұлттық арнаны жаңғыртамын, жасандырамын, қоғамға жақындатамын деп талай шаруаны бастан өткеріп жатыр.

Қазір халыққа жақындау, еркін пікір айтатын адамдар Ұлттық арнаның экранына шыға бастады. Бұл оңай шаруа емес. Енді сол ағаш аттың басына мінгізіп, бір сериялдың төңірегінде гуілдетудің қаншалықты қисыны бар?

Бұл жоба сол Ұлттық арнаның, оның басшыларының жасап жатқан жаңа қадамдарына бөгет болу, басқа бір бөтен ойлар бар ма?

Бірақ бәрібір ұлтқа жан ашыған кісілердің шаруасы емес! Осыны қарапайым халық та көріп, түсініп, біліп отыр енді. Ойланатын адамдар ұғынып жатыр.

Сондықтан, кеше мысалы, осыдан бес-алты жыл бұрын, дәл сол Ұлттық арнада мына үндінің бір сериалы жүріп жатты ғой. «Келін» деген.

Күнде Құдайдың құтты күні, кісілердің басын айналдырып, жаңағы арзан нәрсе, ал сол кезде қайда қалды осы жұрт, айтатын болса? Қаншама адамның миын улады! Әншейінде ермек қылатын нәрсе ғой! Ал енді қазір мына бір өзіміздің эпосымыз киноға айналған екен, сәтті шығар, сәтсіз шығар, неге осыны соншама созып кеттік? Осының ар жағында бір жаңағы саяси көзқарастар, ойындар тұрған сияқты болып көрінеді маған.

Қазақ қоғамы – осыны қашан тоқтатады?

Осы өзімізді-өзіміз аяқтан шалып, өзімізді-өзіміз ірітіп-шірітуді қоятын кез болды ғой.»


https://kaz.365info.kz/bir-kholynda-temeki-akhyn-zhyrsin-erman-shobereli-boldy-foto-270597

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз