Жуырда атышулы КешYou тобының құрамы өзгерді. Бұл жолы ел күтпеген өзгеріс орын алды. Себебі 10 жылдан бері трио болған топ енді квартетке айналды. Оған қоса, топтан Ақбота Сейтмағамбетпен бірге Жұлдыз Өмірғали кетті. Ал жаңа құрамға бұрынғы “Лашын” тобының қос аруы мен “Лүпіл” тобында ән салған Назым Әбілдина алынды.
Ақбота Сейтмағамбеттің топтан не себепті кеткені түсінікті. Ол кинодағы жұбы Дәурен Айдарқұловтан жүкті болып қалды. Артынша оған тұрмысқа шығып, ақ орамалды келін атанды. Ал Жұлдыздың қандай айыбы бар? Тыңдармандар осы сұрақтың жауабын таба алмай дал болды.
“Себебі менің мамандығым бойынша әнші емеспін. Сондықтан, ортақ шешім қабылдап, сен жүргізушілікке баршы деп айтты. Менен жақсы актриса шығады деп айтты”, – дейді Жұлдыз.
Иә, бүгінде Жұлдыз концерт жүргізіп, отандық телехикаяларда актриса ретінде тәжірибесін шыңдап жүр. Ал, жақында Жұлдыз ақ келін атанады деген ақпаратқа не дейсіз?!
“Тұрмысқа шығады деген ақпарат ол рас емес! Білмеймін қайдан алынғанын? Әзірге тұрмысқа шығу… ондай ойда жоқ”, – деп жауап берді ол.
Есте болса, Баян Есентаева Жұлдыздың әнші ретінде кәсібилігіне көңілі толмайтынын айтқан еді.
Дереккөз: stan.kz