Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
6
USD
429
+2.03
EUR
500
+3.00
RUB
5.44
-0.06

Баян Есентаева күйеуінің көзіне шөп салған болуы мүмкін — БАҚ

133

Фото: ytro.kz

Фото: ytro.kz

“Соталды тергеу кезінде Баян және Бақытбек Есентаевтардың арасындағы жанжал отбасылық мәселелерге қатысты болғаны анықталды. Баян Есентаеваның ата-анасының айтуынша, оның күйеуі әйелін қызғанып, көзіне шөп салды деп күдіктенген. Бұл жағдайдан кейін Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған. Кейін “Лашын” тобына бейнебаян түсіру үшін Грузияға ұшып кетеді”, – деп жазылған желі арқылы таралған құжатта. Бірақ, Баян Есентаева Қазақстанға белгіленген уақыттан кешігіп, Грузиядан емес, Түркиядан ұшып келген.

“Ол (Бақытбек Есентаев – NT) 6 маусым күні Алматы әуежайынан әйелін күткен. Алайда, продюсер сол күнгі рейстен түспеген. 10 маусым күні қатты мас күйінде ол әйелін әуежайдан туысымен бірге күтіп алады. Әйелін өзіне опасыздық жасады деп айыптаған Бақытбек Есентаев оны Байбұлақ ауылында тұратын ата-анасына (Баянның) апармақ болады. Жол бойында екеуінің арасында жанжал туады. Бақытбек Есентаев туысына көлікті тоқтатып, шығуын сұрайды. Жанжал барысында ол әйелді соққыға жығып, көліктің есік тұсындағы қалтадан пышақты көріп, Баян Мақсатқызының іш тұсынан сұғып алады. Бұдан соң ол көліктен түсіп, туысына әйелін ауруханаға жеткізіп тастауды сұраған” деп жазылған құжатта. Бұл күдікті Бақытбек Есентаевтың құзырлы мекемедегілерге берген түсініктемесінен алынған жауап екен. Аталған құжаттан Баян Есентаеваның ата-анасының да түсініктемелері жазылған. Олардың айтуынша, соңғы кезде Есентаевтар әулетінде қызғаныштың салдарынан жиі ұрыс-керіс орын алған. Баянның анасы Гүлжамал Мұхитденова қызы Баянның күйеуінен ажыраспақ ойда болғанын растаған.

«NewTimes.kz» ақпараттық агенттігінің редакциясы аталған құжатқа қатысты Алматы облыстық ІІД-інен пікір алмақ болады. Алайда полицейлер құжаттың жалған не рас екеніне қатысты пікір білдірмеген.

Еске сала кетейік, 10 маусым сағат 12.05 шамасында Баян Есентаева қансыраған күйінде Талғар аудандық ауруханасына жеткізілген болатын. Дәрігерлер оның бас сүйегінен жарақат алып, пышақталғанын растады. Оған жедел ота жасалды.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз